Бастапқы бет » Компания туралы » Жауапкершілік

Жауапкершілік

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Алғы сөз

Егер өзгесі қарастырылмаса, барлық ақпаратты және суреттерді қоса алғанда, осы сайттағы барлық мәліметтер «Агровэй» ЖШС авторлық құқығымен қорғалған. Осы интернет-сайттағы қандай бір бөлігінің «Агровэй» ЖШС-нің алдын ала жазбаша келісімісіз жаңғыртылуына немесе қандай да бір түрде жариялануына тыйым салынады (баспа өнімдері, фотокөшірме, микрофильм, электрондық немесе ақпаратты таратудың басқа да нысаны болсын).

Осы сайтқа кіру және оны пайдалану келесі және шарттармен ережелермен келіскен болып саналады. Осы шарттармен келіспеген жағдайда, бұл сайтты пайдаланбауыңызды сұраймыз. Осы сайт «Агровэй» компаниясымен құрылды. Біз сайтты жабуға немесе, сонымен қатар аталмыш пайдалану шарттарын, біздің жалпы мерзімдеріміз бен шарттарымызды, біздің сату және жеткізу шарттарымызды ішінара немесе толығымен оны жаңартуға құқылымыз. Мұндай өзгерістерді өз қалауымыз бойынша және алдын ала ескертусіз енгізе алатынымызды ескерткіміз келеді. Сондықтан, келесі жолы осы сайтқа кірген кезде, шарттарды тағы да қарап шығуыңызды және енгізілген кез келген өзгерістерге немесе түзетулерге назар аударуыңызды сұраймыз.

Пайдаланудан және артықшылықтардан бас тарту. Құжаттарды және суреттерді қоса алғанда, осы сайтта мазмұндалған барлық материалдар «Агровэй» ЖШС ерекше меншігі болып табылады. Сізбен барлық көшірмелердегі авторлық құқық туралы тиісті ескертулер сақталған жағдайда, осы материалдарды жеке және коммерциялық мақсаттарда қолдана аласыз; сондай-ақ, осы сайттағы ешқандай материалдарды өзгерте алмайсыз, ал сайттан көшіріп алынған барлық суреттер, егер болса, оның мәтінімен қолданылады.

Тауарлық белгілер. Бас әріптермен жазылған немесе сайтта қандай да бір өзге тәсілмен жазылған немесе белгіленген тауардың барлық тауарлары Нунемс компаниясының, оның еншілес компаниясының, филиалдарының, лицензия беретін тұлғалардың немесе біріккен кәсіпорынның тауарлық белгілері болып табылады. Осы тауарлық белгілерді кез келген рұқсатсыз пайдалануға немесе теріс пайдалануға тыйым салынады және авторлық құқықтарды, тауарлық белгілер туралы заңды немесе тауарлы меншіктердің басқа да құқықтарын бұзу болып табылады.

Шектеулі жауапкершілік. Осы сайтта орналастырылған барлық материалдар – бұл ішкі және сыртқы дерек көздерден «Агровэй» ЖШС компаниясымен жиналған егжей-тегжейлі ақпарат. Біз, қолданыстағы базаны ескеріп, материалдарды кеңінен ұсынуға және жаңартуға ұмтыламыз. Сайттағы ақпараттар «Агровэй» ЖШС компаниясын, оның өнімдерін және ұсынылатын қызметтерін таныстыру мақсатында берілді. Компания осы ақпараттардың толықтығы және дәлдігі бойынша кепілдіктер бермейді және  мәлімдеулер жасамайды. Сонымен қатар, Сіздер де ақпараттың ескіргендігін түсінуіңіз қажет. Сондықтан, осы веб-сайттан алатын кез келген ақпаратты қандай да бір түрде пайдаланар алдында тексеруіңізді сұраймыз. Сайтта мазмұндалған кеңестер немесе ұсыныстар, біздің соңғы кеңестер не ұсыныстар – әсіресе, біздің өзгешеліктер және техникалық шарттар бойынша - тауарға және жоспарланған процестерге және белгіленген мақсаттарға сәйкес оны келешекте пайдалануға қатысты өзіңіздің жеке тексеруіңізді жүргізуден босатпайды. Біздің өнімдерге және қызметтерге қатысты консультация қажет болған жағдайда, бізбен тікелей байланысқа шығуыңызға болады. Сайтқа қосылу арқылы пайдаланушылар осы сайтты пайдалану олардың тәуекелдеріне қарай жүзеге асырылатындығын біледі және келіседі. «Агровэй» ЖШС-де, веб-сайтқа қатысты үшінші тарап та кіру немесе кіру мүмкінсіздігі, осы веб-сайтты пайдалану немесе пайдалану мүмкінсіздігі немесе осы сайттың мазмұнын сеніп тапсыру салдарынан туындаған зияндар немесе залалдар үшін жауап бермейді.

Үшінші тараптардың веб-сайттары. Осы сайт үшінші тараптардың веб-сайттарына жасалған сілтемелерді қамтиды. Сілтемелердің болуы «Агровэй» ЖШС компаниясымен веб-сайттардың мазмұнын мақұлдауды білдірмейді және «Агровэй» ЖШС осы сайттардың пайдасы немесе мазмұны үшін, үшінші тараптардың сайттарында қандай да бір түрде мазмұндалған ақпараттарды пайдалану салдарынан туындаған зияндар немесе залалдар үшін жауап бермейді. Басқа веб-сайттарға сілтемелер  пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ұсынылады. Пайдаланушылардың осындай веб-сайттарға қосылуы өз тәуекелдеріне байланысты.

Ұсынылатын материалдар. Осы веб-сайтты пайдаланушы «Агровэй» ЖШС компаниясына онымен ұсынылған деректердің мазмұны және дәлдігі үшін, сонымен қатар сайтқа қатысты үшінші тараптың құқықтарын бұзбау үшін жауап береді. Егер ақпараттар негізгі деректерден немесе жәй пайдалану деректерінен тыс жеке деректерді қамтымаса, Пайдаланушы онымен ұсынылған деректердің «Агровэй» ЖШС компаниясымен иемденуіне және статистикалық талдау немесе бизнеске қатысты кез келген басқа мақсаттарда оларды пайдалануға өзінің келісімін береді. Негізінен, «Агровэй» ЖШС компаниясы идеяларды, жаңалықтарды, жобаларды, әдістемелерді және ондағы арнайы білімдерді қоса алғанда, осындай мәліметтердің мазмұнын тауарды немесе қызметтерді әзірлеу, өндіру және/немесе маркетингі сияқты кез келген мақсаттарға қолдануға және осындай ақпараттарды жаңғыртуға және олардың қандай да бір шектеулерсіз үшінші тарапқа қол жетімді болуын жүзеге асыруға құқылы.

Деректерді қорғау. Егер деректер Сізбен ерікті түрде ұсынылмаса, «Агровэй» ЖШС компаниясының сайтына кірген кезде Сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік беретін деректерді жинау процесі жүргізілмейді. Бізбен тегі, аты, телефон нөмірі немесе электрондық поштаның мекенжайы туралы деректер сұралған жағдайда, біз осындай сұрау мақсаттарын хабарлаймыз. Егер Сіз осындай деректердің жария  болмауын қаласаңыз, Сіздің бас тартуыңыз бізге кері әсерін тигізбейді, бірақ, бұл жағдайда Сіз ешқандай ақпараттарға қол жеткізе алмайсыз немесе пошталық тапсырыс бере алмайсыз.

Cookies. Біздің интернет қызметтердің стандартты процедуралары және «cookies» деп аталатын процедураны пайдалану операциялық мақсаттар үшін ақпараттар мен деректердің автоматты жиналуына мүмкіндік береді. «Сookies» - бұл браузермен сақталатын шағын бағдарланған ақпарат. Қажет болса, өзіңіздің браузеріңіздің дәлдеулерін өзгерте аласыз  –  «cookies» алу / «cookies» алудан бас тарту процестерін  қамтамасыз ету. «Сookies» осы сайттағы ерекше қызметтерге қол жеткізу барысында қажет екендігін естеріңізге саламыз. Егер одан әрі автоматты түрде жоюмен «cookies» өзіңіздің компьютеріңіздің жадында аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа сақтағыңыз келсе, «cookies» жиналған кезде осы туралы хабарлама аласыз.

Болашақтағы мәлімдеулер. Осы интернет-сайт болашаққа қатысты, бірақ заманауи жорамалдарға және болжамдарға негізделген «Агровэй» ЖШС компаниясымен жасалған мәлімдеулерді қамтиды. Компания осы мәлімдеулерді жаңартуға немесе оларды болашақта нәтижелермен және оқиғалармен салыстыруға міндетті емес.

Иллюстрациялар. Барлық  суреттелген сұрыптар және гибридтер оларды өсіруге қолайлы жағдайларда көрсетілген. Ұқсас нәтижелер өсірудің барлық жағдайларына кепілдік бермейді. Осы интернет-сайттағы суреттерді қолдану құқығы «Агровэй» ЖШС компаниясына тиесілі болып табылады. Барлық құқықтар қорғалған; осы жариялымдардың ешқандай бөлігі «Агровэй» ЖШС компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жаңғыртылуға, сақталуға немесе қандай да бір түрде таратуға жатпайды.

ГМО пайдалану жауапкершілігі. Біздің клиенттерге және серіктестерге тұқым түрінде жеткізілетін сұрыптар мен гибридтер генетикалық модификацияланбаған аналық желісінің селекциялық нәтижесі болып табылады. Осы сұрыптарды және гибридтерді құру және қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін немесе қолданылатын әдістер генетикалық модификацияланған организмдерді қоса алғанда, типтік емес үлгілердің қатысуын азайтуға бағытталған. Тұқымдарды өндіру қабылданған кеңістікті оқшаулау нормаларын қамтитын ережелерге сәйкес жүргізіледі. Дегенмен, ашық топырақ жағдайларында тозаң  еркін айналыста болады. Себебі, тұқымдардың көбею аймақтарында генетикалық модификацияланған өсімдіктердің өсірілгендігін,   генетикалық өзгерген материалдың толығымен кездейсоқ қатысуын жоққа шығаруға болмайды, сонымен қатар жеткізуге қосылған тұқым топтамалары генетикалық модификацияланған өсімдіктерден болатын кез келген қалдықтардан толығымен бос екендігіне кепілдік беруге болмайды.

Өсіру бойынша ұсыныстар. Практикалық өсіру бойынша ұсыныстар сайтта қандай да бір міндеттемелерсіз ұсынылған. Сатып алушы жергілікті жағдайларда қолдану не қолданбау керектігін дербес анықтайды. Каталогта қарастырылған барлық деректер өзіміздің өсіру тәжірибемізден, сондай-ақ, біздің серіктестердің өсіру тәжірибесінен  алынған. Өсіру технологиясын бұзғанда немесе оңтайлы емес өсіру тәсілдерін таңдағанда сапасы, өнімділігі немесе басқа сипаттамалары бойынша басқа нәтижелердің алынғандығына «Агровэй» ЖШС компаниясы жауап бермейді.

өсімдіктердің реакцияларын анықтау. Көкөніс дақылдарында қабылданған зиянды организмдер мен патогендерге өсімдіктердің реакцияларын сипаттайтын терминдерді анықтау.

Иммундылық: белгілі зиянкестер немесе патоген үшін шабуыл жасау субъектісі болмайды.

Төзімділік деп өсімдіктердің белгілі зиянкестің немесе патогенннің дамуын шектеу немесе қабылдағыш сұрыптармен және гибридтермен салыстырғанда, олар осындай өсіру жағдайларында келтіретін зиянды және патогеннің немесе зиянкестің зиянды әсерін төмендету қабілеті. Төзімді өсімдіктерде де зиянкестердің немесе патогендердің күшті әсерінен кейбір ауыру немесе зақымдану белгілері болуы мүмкін.

Төзімділіктің екі деңгейі қолданылады:

Жоғары төзімділік (HR*): Сұрып немесе гибрид өсімдіктері, қабылдағыш сұрыптармен салыстырғанда, зиянкестерді немесе патогенді жұқтырудың қалыпты жағдайларында белгілі зиянкестің немесе патогеннің таралуын және дамуын күшті шектейді. Осы сұрыптардың немесе гибридтердің өсімдіктері ауыр патогендік жүктелген/жұқтырылған кезде кейбір белгілерді беруі немесе зиянкестермен зақымдалуы мүмкін.
Аралық немесе орташа (IR*): Сұрып немесе гибрид өсімдіктері зиянкестерді немесе патогенді жұқтырудың қалыпты жағдайларында белгілі зиянкестің немесе патогеннің таралуын және дамуын шектейді, бірақ төзімді гибридтермен салыстырғанда, кейбір байқалатын белгілерді беруі немесе зақымдану дәрежесіне ие болуы мүмкін.  Баяу/орташа төзімді гибридтерде немесе сұрыптарда қабылдағыш сұрыптарға қарағанда, патогендермен немесе зиянкестермен зақымданудың әлсіз белгілері байқалады.

* HR (high resistance = жоғары төзімділік) және IR (intermediate resistance = орташа төзімділік) стандартты қысқартулары барлық тілдерде қолданылуы тиіс.

Қабылдағыштық деп өсімдік сұрыптарының белгілі зиянкестің немесе патогеннің таралуын және дамуын шектеу қабілетсіздігін айтады.