Бастапқы бет » Агроақпарат » Қияр » Аякс F1 қиярын өсірудің сұрыптық технологиясы

Аякс F1 қиярын өсірудің сұрыптық технологиясы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Негізгі мәліметтер. Аякс F1 қияры — жоғары потенциалдық мүмкіндігі бар, жоғары өнімді будан. Тіпті минималды күтім кезінде де  өнім өнімділігі 300—350 ц/га-дан кем емес. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды,  өсімдікті қорғау құралдарын қолданып, Аякс F1-ді тамшылық суармалы ағаш қатарында  өсіруді қамтитын жоғарғы агротехника көмегімен өнімділік айтарлықтай көбейеді. Ағаш қатарында өсіру кезінде 600—700 ц/га-дан кем емес,  ал тыңайтқыштарды енгізу мен  тамшылық суармалау үйлесімі кезінде 1000 ц/га-дан жоғары жинайды.

Көшетті өсіру. Аякс F1-ді қыш құмырада көшет ретінде отырғызған жақсырақ. Бұл, біріншіден,  ертерек өнім алуға, екішіден, азырақ дәнді пайдалануға, дамудың бірінші кезеңінде  өсімдікті жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді.  Көшетті орманды дала, тоғайлы ойпат жер аймағында, 15-25 мамыр аралығында, ал далалықта 5-15 мамыр аралығында отырғызады.  Көшеттерді отырғызуға қыш ыдысты мына қоспалардан жасайды: 3 бөлік жертезек, 1 бөлік қарашірік немесе 3 бөлік қарашірік және 1 бөлік шымды жер, бұл қоспаға 1т есебінде: аммиактық селитра 0,8—1,0 кг, суперфосфат 1,0—1,5 және  калий сульфаты 0,7—1,0 кг қосады. Диаметрі 8см-ден кем емес қыш құмыраларды пайдаланады.   Қыш құмыралар орнына арнайы  таблеткаларды пайдаланған жақсырақ. Олар пайдалануға ыңғайлы,  өсімдіктерге қажетті макро- және микроэлементтерді, биологиялық белсенді заттарды қамтиды. Сонымен қатар көшетті түрлі препараттармен өңдеулер пайдалы. Еккенде  22-25 күндік көшетті (3-4 жапырақ) көшіріп еге алатындай егу керек. Көшет ашық  жерге егер алдында жақсы шыңдалған болу керек.

Топырақты дайындау. Отырғызуға топырақты алдын ала дайындайды.  Ең жақсысы, болашақ қатар бойына бойына минералдық тыңайтқыштар мен көңнің бөлігін салатын  кішкентай жүйектер жасау. Жүектердің ені 60-70 см, ара-қашықтығы, механизация құралдарын пайдалануға байланысты 1,0—2,0 м. Қатардағы өсімдіктер арасындағы ара-қашықтық, қатарарасы еніне қарай— 15—20 см.  Қандай жағдайда да 100м² -де 250—300 өсімдік болу керек. Отырғызылған көшеттен алыс емес жерде  тамшылық суармалау түтегін орналастырады. Тамшылық суармалау суару кезінде  су шығынын үнемдеуге, сонымен қатар, тыңайтқыштар мен  қияр ауруының қозғағыштары мен топырақ зиянкестері жиынына қарсы қорғау құралдарын жергілікті енгізуге мүмкіндік береді.  Жүйекті жабындау үлдірлерімен жабу өзін жақсы көрсетті.

Түптердің қалыптасуы. Тік дақылдарда өсірудің, жалпымен қабылданған бұтаулау әдісі  Аякс F1-ң жеміс беруді ерте бастауын қамтамасыз етеді, бірақ өнімнің негізгі бөлігі  жинаудың бірінші кезеңінде келеді.
Аякс F1 l8, буданында, өсімдіктің қалыптасуын жеңілдету үшін,  бұтаулардың орынды қалыптасуы генетикалық енгізілген, сондықтан жеміс берушілік мерзімін ұзарту үшін және өсімдіктіктің дұрыс қалыптасуы үшін, бұтаулардың қалыптасуының басында , оларды тек  бірінші 2-3  байламдардан алып тастайды. Одан кейінгі байламдарда (>0,8—1,0 м биіктікке дейін)  жеміспен 2-3 жапырақты байлам қалдырады, содан соң олардың ұзындығын 4-5 жапыраққа дейін үлкейтеді.

Тыңайту. Сонымен қатар Аякс F1 буданын тыңаюына да  ерекше көңіл аудару керек. Оның тамырлық жүйесі ықшам болғандықтан, жоғары адсорбциялық (сіңірушілік) қасиеті болғандықтан, және қоректендіруші заттарды жергілікті пайдаланатындықтан, одан  максималды жеміс берушілікті алу үшін оған күшейтілген минералдық қорек қажет. Жемістерді 3-4 сұрыптағаннан соң  өсімдікті  азоттық тыңайтқышпен қоректендіру керек. Бұл органикалық (көң ерітіндісі, құс саңғырығы) немесе минералдық тыңайтқыштар  (аммиактық, кальцийлық селитра) болуы мүмкін. Қарқынды бұтау құрудың басталғанынан соң (4—5 күннен кейін), генеративті өсуді(гүлдер және жемістер)  қалыптастыруды ынталандыру үшін фосфорлық-калийлық тыңайтқыштар енгізеді.  Мүмкіндігінше тыңайтқыштарды еріген түрде  жартылай сумен, тамшылық суарма жүйесі көмегімен енгізген жақсы.

Егінді қорғау. Аякс F1 қиярын көшет кезінде тамырлық және бұтақтық шіруден сақтау үшін, жүйелі әрекет ететін фунгицид пайдаланған ең жақсы. Көшетті алаңға көшіріп отырғызған соң, қорғауды солай ақ препараттар көмегімен жүзеге асырады. Тиімді қорғау үшін бүркітуді  жеміс бергенге дейін (күту мерзімін есепке ала отырып), ауа райы  жағдайына байланысты  жүйелі түрде 8-14 күн сайын жүргізіп отырады.  Жеміс беру мерзімінде, қиярды қорғау қажеттілігі кезінде,  жемістің максималды санын жинап, оны қайта өңдеу керек.  Өнімді жинауды 3-5 күннен соң жалғастыруға болады.
Арам шөптермен, аурулармен және зиянкестермен күресу үшін өз аймағыңызда тіркелген препараттарды пайдаланыңыз. Препараттар бойынша толық мәлімет алу үшін өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша мамандарға хабарласыңыз.