Бастапқы бет » Агроақпарат » Шалған » „Нунемс“ компаниясының шалғамының сұрыптары мен будандарын өсіру технологиясы.

„Нунемс“ компаниясының шалғамының сұрыптары мен будандарын өсіру технологиясы.

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Ашық жерде шалғамды көктемде, жазда және күзде өсіреді. Бірақ ең жақсы өнімді  ерте және кеш мерзімдерде отырғызу кезінде алады. Ерте өнімді алу үшін, егулерді уақытша температураның түсуінен сақтайтын, және  өнімді 2-3 апта бұрын алуға мүмкіндік беретін, уақытша үлдірлі жабындарды пайдаланады.  Жабындарды жоспардағы егуден  1-2 апта бұрын орнатқан дұрыс.


Шалғамға құнарлы, жақсы тыңайтылған жерлерді бөледі. 1 га есебіне 250—300 кг аммиактық селитра, 200—300 кг суперфосфат, 150—180 кг  калий сульфатын (күзден фосфорлы және калийлық тыңайтқыштар, ал көктемде - азоттық) енгізеді.

Егу
Шалғамды егуді  ерте мерзімде жүзеге асырады (егіс жұмыстары басталуымен). Егер алдында  жерді жабындау мен тырнауды жүзеге асырады. Дәндерді қатар арасында 10-15 см ара-қашықтық қалдырып, 1,5-2,5 см тереңдікке егеді. Егу нормасы 2,0—2,5 млн. дән/га (20—25 мың/100 м²) немесе  25—35 кг/га (250—350 гр./100 м²) құрайды. Дәндердің өсіп шығуының оңтайлы температурасы 18—20°С,  ал минималдысы  4—5°С.  Көгеріп шығулар қысқа мерзімді көктемгі 2—3°С суықтарды көтереді, бірақ ұзақ мерзім бойына төменгі температура тамыр жемісінің қалыптасуын баяулатады, және садақтардың пайда болуына себепші болады. Егулер бір-бірінен 5 см ара-қашықтықта жарып шығады.

Өсімдікті күту
Жерді қобысытуды дәндердің көгеріп шығуынан бастап  өсімдікті жинағанға дейін жүргізеді. Бұл сонымен қатар арамшөптер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Құрғақ ауа райында, әсіресе оңтүстік аймақтарда 1-2 рет суарады. Суару мөлшері — 100—150 м³/га (10—15 л/м²). Ашық алаңдарда суаруды  құрғақ жылдарда жүргізу керек, ал уақытша жабындарды жабу кезінде  ол міндетті түрде қажетті.  
Ең қауіпті  зиянкес, айыр гүлді бүрге болып табылады. Ол әсіресе, жылы шуақты күндерде қауіпті. Оларды шегіндіру үшін темекі шаңымен немесе әкпен тең көлемде араластырылған  ағаш күлін пайдалануға болады. Тозаңдандыруды көгеріп шығудың пайда болуы күнінен бастап 4-5 күн сайын 2-3 рет қайталайды.
Сора және Дабел F1, басқа сұрыптарға қарағанда, әсіресе басқа айқышгүлді дақылдардан соң отырғызылған шалғам егулерін жайрататын шырыштық бактериозға және жалған ұндық шыққа салыстырмалы шыдамды. Бұдан басқа  Дабел F1  сұр шірікке шыдамды.
Аурулармен, зиянкестермен күресу үшін өз аймағыңызда тіркелген препараттарды пайдаланыңыз. Препараттар бойынша толық мәлімет алу үшін өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша мамандарға хабарласыңыз.

Өнімді жинау
Шалғамды жинауды  тамыр жемістердің өсуіне қарай бірнеше этапта жүргізеді (негізінен 2—3). Өсірудің жайлы жағдайында  өнімді жинауды 18-ші (Дабел F1) — 20-шы(Сора) күндері бастауға болады. Шалғамды жуады, іріктейді,  бумаға жинайды және базарға жібереді.