Бастапқы бет » Агроақпарат » Қарбыз » Долби F1 және Трофи F1 қарбыздарын өсіру туралы кеңестер.

Долби F1 және Трофи F1 қарбыздарын өсіру туралы кеңестер.

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Топыраққа қойылатын талаптар.
Отырғызу үшін  күнмен жақсы жылынатын жерлерді таңдайды. Қарбызға ең қолайлысы  жеңіл құмды және құмайт жерлер. Қарбыздар үшін топырақтың оңтайлы қышқылдығы 6,5-7,0 шамасынды. Қарбыз ауалық құрылысы мен топырақ құрамы жетерліктей жақсы тың және тыңайған жерлерде  жақсы нәтиже береді.  Жемістер ескі егістік жерлерге қарағанда 10-15 тәулікке ерте піседі.

Ізашарлар
Көпжылдық шөптер ізашарлар ретінде  қарбыздың өнімділігін көбейтуге табиғи кендерден гөрі  көмекші болады. Олар  құнарлы жерді қайта құрады,  онда азот, фтор және калийдің қозғалмалы  формалары көбірек жиналады,  өсімдіктің фузариоздық өшуі аурыуымен және басқа да  аурулармен ауруының алдын алады, және салдарында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Ең жақсы ізашарлар — көпжылдық шөптер, күздік бидай, сүрлеуге жүгері, біржылдық бұршақтылар. Алқа тұқымдасты және асқабақтық дақылдардан соң  қарбыз өсіруге ұсынылмайды. Фузариоз және басқа да потогендердің  топырақта жиналуының алдын алу үшін егіс айналымын сақтау керек,  және қарбызды бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте  қайтармау керек.

Топырақты өңдеу және тыңайтқыштар
Топырақты дайындауды ізашарлардан соң  жердегі топырақты сыдыра жыртудан бастайды. 2 аптадан соң  тыңайтқыштарды енгізу арқылы  тырнауды жүргізеді: 200—300 кг/га (2—3 кг/100 м²) суперфосфат және 150—200 кг/га (1,5—2,0 кг/100 м²)  калий сульфаты. Фосфор және калий  жемістердің пісуіне және  олардың сапасына  әсер ететінін атап өту керек. Қарбыздың жоғары өнімділігін алу үшін  қоректің басты элементі болып магний табылады. Сондықтан сонымен қатар күзден бастап 50 кг/га (0,5 кг/100 м²) белсенді магний есебінде тыңайтқыштар енгізу ұсынылады.  27-30 см-ге терең жырту тамырдың дамуына жақсы жағдай туғызады.  Көктемде егіске шығудың бірінші мүмкіндігінде жерді брондау, топырақты 10-12 см-ге қобысыту жүргізіледі, екінші рет қобысытуды егіс алдында жүргізеді. Азоттық тыңайтқыштарды  көктемде,  көшетті отырғызар алдында, әрекеттегі заттың 40-70 кг/га қалыбында  енгізген жақсырақ. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін оларға  сәйкес топырақтағы қоректік элементінің болуына  қарай үйлестіріледі. Әсіресе бұл азотқа байланысты, оның көптігінен жемістің сақталғыштығы мен дәмдік сапасы  бүлінеді.
Тамырлық жүйесі физиологиялық белсенді, сондықтан қарбыз қиын жететін жердің қосындыларынан калиймен фосфорды сіңіре алады. Қарбыздың тікелей астына көң салуға ұсынылмайды, ол жемістің дәмдік сапасын бүлдіреді, олардың пісуін баяулатады және ауруларға қарсы тұрушылығын төмендетеді. Тағы да бір маңызды биологиялық ерекшелігі оның жемістерінде, үйлестірілмеген қорек кезінде  нитраттың көп мөлшерін жинап алуға бейімділігінде. Азоттық және органикалық  тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін пайдалану кездерінде  жеміс денсаулыққа зиян бола алады.

Көшетті  өсіру
Қарбыздың ерте өнімін алудың ең тиімді жолы-көшеттік жол. Көшетті осы жолмен өсіру кезіндегі өсімдіктің дамуындағы жүгірулік арқасында,  алғашқы жемістерді, дәндерді жерге отырғызғанға қарағанда, 10-20 күн   бұрын алуға болады. Бұл ретте  ерте өнім өседі,  жалпы өнім де айтарлықтай өседі. Өсірудің көшетті жолы, қарбыздардың өсуіндегі өнімнің 60-70%  жоя алатын сымқұрт зақымының алдын алады.  Көшіріп отырғызу кезінде  құмырашаларын бұзбаған өте маңызды, себебі тамырлары зақымданған өсімдіктің тамыр тартып кетуі шамалы болады және ұзақ аурады.

2/3-ке  топырақ қосындысымен толтырылған қыш құмыраларға, 1 см тереңдікте  бір дәннен отырғызады. Қалған топырақты  өсірудің барлық мерзімінде  аз-аздан қосып отырады. Бұл өсімдікпен қосымша тамырлардың пайда болуына әсер етеді.

Өсу мезгілінде 25—30°С температураны ұстап тұру керек. Көгерулер  пайда болған  кезде температураны 6—9  күн бойына  16—18°С-ға дейін түсіреді. Өсімдіктің өсу мерзімінде  күндіз температура 20—25°С, ал түнде 16—18°С болу керек.

Ауыстырып отырғызу алдында шамамен 10—12 күн бұрын көшетті шыңдайды. Алдымен жылыжайды күніне 1-2 сағатқа ашып қояды, ауа-райы кішкене жылыған соң 5-6 сағатқа ашады. Көшетті ауыстырып отырғызар алдында  жылыжайды тәулік бойына ашық қалдырады.  Көшет жасы 24-28 күннен аспау керек.

Көшетті ауыстырып отырғызу
Ауыстырып отырғызуды дайындалған топыраққа жүргізеді. Долби F1 қарбызына оңтайлы отырғызу үлгісі, га-ға 10 мың өсімдікті отырғызуға мүмкіндік беретін қалыңдықты қамтамасыз ететін  2,70+0,70×0,6 м болып табылады.

Өсімдіктерді күту
Алғашқы қобысытуды көшетті ауыстырып отырғызған соң бір аптадан кейін, немесе алғашқы  көгеруден соң жүргізеді. Вегетациялық мерзім бойына  жердің 2-3 қопсылуын жүргізеді. 8-10 см тереңдікке өсіреді.

Топырақ құрамындағы ылғалға қатысты қиын уақыт болып гүлденуден  жаппай жемісқұруға дейінгі уақыт саналады. Алғашқы рет өсімдікті  5-7 жапырақ құрған соң суарады, екінші рет - гүлдеуін бастағанда,  үшінші рет, қажет болса төртінші рет - жемістің құрылуы кезінде.  Суару мөлшері 250—300 м³/га. Суаруды, ол жемістің сапасын бұзатындықтан, өнімді жинар алдында тоқтатады.

Егер жер күзден жетерліктей қоректік заттармен құнарланбаса, онда жемістердің жаппай құрылуы кезінде қосымша қоректендіруді жүргізеді. Бұл үшін 300 кг/га натриялық селитра(3 кг 100 м²-ке) және100 кг/га (1кг 100 м²ке) калий сульфатын пайдаланады. Қоректендіруді суарумен бірге жүргізеді.  Бірінші фолифлек-стартпен 1 л/га-ға жапырақтық қоректендіру жасайды. Бірінші байлам пайда болған кезде фолифлекпен — 2 л/га-ға өңдейді.

Қарбыздарды тамшылық суармалауда өсіруде суару мен қоректі енгізуде айырмашылығы бар. Суару күніне екі рет жүргізіледі (1 сағат таңертең және1 сағат қоректендірумен қатар кешке). Ерігіш қорек пайдаланылады (терафлекс, монокалийфосфат, калимагнезий). Қоректендіру мөлшері топырақта қоректік элементтердің болуына байланысты.

Өсімдікті қорғау
Өсімдікті қорғау құралдарын пайдалану сұрақтары бойынша өз аймағыңыздағы мамандарға хабарласыңыз.

Пісу көрсеткіштері
Жинау кезінде пісу көрсеткіштерін анықтау өте маңызды:

  • піскен  қарбыз өзіндік жылтырлығын, түсі мен суретінің анықтығын алады;
  • қабығының жерде жатқан бөлігінде  сары дақ пайда болады;
  • жемістің жанындағы жеміссабақ пен қылқан кеуіп қалады;
  • піскен қарбызды соққанда қатаң дыбыс  шығады, ал басқанда  ( жасауға ұсынылмайды) балдырының жарылуы естіледі.