Бастапқы бет » Агроақпарат » Қауын » „Нунемс“ компаниясының қауынының сұрыптары мен будандарын өсіру технологиясы

„Нунемс“ компаниясының қауынының сұрыптары мен будандарын өсіру технологиясы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Топырақты дайындау

25-27 см тереңдікте сүдігер жүргізеді.  Бұдан соң – 10-12 см тереңдікте, тырмалаумен қатар қобысыту. Көктемде тек егіс тырмалауын ғана жасайды, негізінде екі рет. Қажеттілік болған кезде сонымен қатар алаңды түзету жүргізіледі.

Көшетті өсіру.
Саттық өнімнің айтарлықтай жоғары өнімін алу үшін, будандарды көшет арқылы кассеталарда немесе текшелерде өсіру керек. Көшет 21-25 күндік болу керек. Субстратты дән егер алдында бірнеше күн бұрын дайындау керек. Дәндер 15°С топырақ температурасы кезінде көгеріп шыға бастайды. Олардың өсуіне оңтайлы температура 25-30°С болып табылады. Бірінші суаруды жүйелік фунгицид ерітіндісімен жүргізу керек.
Препараттар бойынша толық мәлімет алу үшін өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша мамандарға хабарласыңыз.

Өсімдікті отырғызу және күтім
Қауын көшетін мамыр аяғында гектарға 6-9 мың өсімдікті отырғызу (буданға байланысты) қалыңдығымен отырғызу керек. Бұл ретте егудің кез келген сызбасын пайдалануға болады, мысалы: 240+40×100 см (отырғызудың ленталық әдісі) немесе 140×100 см (кеңқатарлы отырғызу әдісі). Көшетті дайындалған жерге қолдан немесе көшетотырғызушы машинаны  пайдалану арқылы егеді. Отырғызып болған соң немесе отырғызу кезінде міндетті түрде суару жүргізеді. „Нунемс“  компаниясының қауын буданының көшеті, өсірудің оңтайлы жағдайында, әдетте жақсы үйренісіп кетеді. Өсімдікке әрі қарай күтім жасау, негізінен аурулар мен зиянкестерге қарсы химиялық қорғауында.

Суару
Будандардың өнімділігі бойынша ең жақсы қорытынды суармалауды пайдалану кезінде алынады. Осы ретте, әсіресе пісу кезінде, жемістің жарылуын арандаттырмауы үшін, сумен қамтамасыз етуде буырқанулардан аулақ болған жөн. Бұл кезде, ең жақсысы , суаруды минимумға алып келу, немесе оларды толықтай тоқтату ( бірақ біртіндеп!). Бірінші суару өсімдікті отырғызу кезінде қуысқа, өсімдікке 0,7—1,0 л кем емес мөлшерде немесе 30—40 м³/га жүргізіледі. Бірақ құрғақ жылдары бірінші суаруды, еккенге дейін жүргізген жөн — ылғалқамтылған. Келесілер —5—7 күннен ерте емес, бұл тамыр жүйесінің дамуы мен нығаюына көмектеседі. Әрі қарай 2-3 күнде бір рет 30—50 м³/га нормасында суармалау жүргізеді (ауа-райы жағдайына байланысты).

Қоректендірулер
Алғашқы қоректендірулер көшеттіктерде жүргізіледі. Көшетті суарма суымен бірге  аптасына 1-2 рет қоректендіреді: 1 м²-ге, 10 литр суға 10—12 гр-нан NPK. Бұл мақсаттар үшін жай (аммиактық  селитра, монокалийфосфат) және комплекстік (Терафлекс, мастер, кемира-гидро) жарамды. Кез келген басқа да  тыңайтқыштарды пайдалануға болады, бірақ олар міндетті түрде суда жақсы еритін болуы керек. Буданның негізгі қоректену жүйесі жердің биохимиялық анализі негізінде жасалынады. Өсімдікті тамырлық қоректендіру үшін әр түрлі тыңайтқыштарды пайдаланады: аммиактық селитра, карбамид, калийлық селитра, калий сульфаты, монокалийфосфат, кемир, мастер және басқа. Сонымен қатар тамырдан тыс  қоректерді де пайдалануға болады: мастер, фоликерлер, терафлекс.
Мысалы, Херсон облысының жеңіл құмдық топырағында саттық өнімнің бір тоннасын құру үшін: 4—4,5 кг/га N, 1,5—2,5 кг/га Р2О5, және 6,2—6,7 кг/га К2О қажет.   Бұл бізге топыраққа 11,5—13,0 кг аммиактық селитра, 3,0—4,5 кг монокалийфосфат және 8,0—9,0 кг калий сульфатын енгізу керектігін білдіреді.