Бастапқы бет » Агроақпарат » Қырыққабат » Nunhems ақбас орамжапырағын өсіру технологиясы

Nunhems ақбас орамжапырағын өсіру технологиясы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

Топырақ
Жақсы топырақ – саздық ылғал сиымдылықты немесе суармаланатын далалық,  дегенмен органикалық заттарға бай кез келгені жарамды. Қышқылы жарамсыз, себебі кез келген орамжапырақтың өсімдігі жарық ауруымен ауырады. Жердің бактериозбен  зарарланбаған болуы өте маңызды – бір рет топыраққа түсіп, бұл аурудың қоздырғыштары оны  кез келген орамжапырақты өсіруге 7-8 жылға жарамсыз қылады.

Егіс айналымы
Ең жақсы ізашарлары болып көп жылдық шөптер, бұршақ тұқымдастар, қияр, пияз, тамыр жемістері, сонымен қатар қызанақтар (егер бірінші дақыл маусымға дейін алынатын ақтүйнек болмаса). Ақтүйнек - қияр, қызанақ, пияздардың  жақсы ізашары, себебі одан соң арам-шөп қалмайды.

Топырақты  дайындау және тыңайту
Бірінші дақылды алып тастағаннан соң  егісті қалдықтардан тазалайды және жыртады, немесе терең емес тырнау жүргізеді(15-18 см). Органикалық және минералды тыңайтқыштарды алдыңғы дақыл астына  күзден бастап енгізеді, дегенмен пайдаланылған қоректік элементтердің орнын толтыру үшін, жақсы өнім алу үшін,  жыртар астына га-ға 100-200 кг  аммиактық селитра, 200-300 кг суперфосфат, 150-250 кг калийлық тыңайтқыш  енгізген жақсы.

Қоректендірулер
Жақсы өнім алу үшін  екі қоректендіру маңызды: біріншісі, болашақ егіннің өсуі тәуелді  розеткаларының қарқынды өсуі үшін,  көшетті еккен соң, 2-3 апта (40-80 кг аммиактық селитра немесе 50 кг несепнәр, 100 кг суперфосфат, га-ға 50-100 кг калийлық тұз), екіншісі – бастардың қалыптасып келе жатқанында  (тиісінше  100-150 кг аммиактық селитра, 50-100 кг калийлық тұз). Бастарының пісуі  мерзімінде калийлық қоректендіру жасауға болады. Қоректі енгізгеннен соң, олардың еруі және  өсімдіктермен сіңірілуі үшін, міндетті түрде суару қажет.  Егер тыңайтқыштарды сумен бірге енгізу мүмкіндігі болса, оны жиірек және молырақ тиімділікпен жасауға болады.  Осы ретте, қоректендіру кезінде  (әсіресе егер бұл тамыр қабатын суды тікелей қамтитын түпқоймасы бар тамшылық болмай, жаңбырлаумен суару болса), ерітінді концентрациясы мысалы, (көшетті отырғызғаннан соң  2-3 аптадан кейін: 10 литр суға 36-57 г аммиактық селитра, 69-74 г суперфосфат, 31-50 г калийлық тұз) 1-1,5% м²-ге 10 л шығын шамасында құрау керек.

Көшетті өсіру және  дәнге қажеттілік
Орамжапырақ көшетін екінші метроайналым үшін ашық көшеттіктерде қайта сиретіп отырғызусыз өсіреді.  Егу 15-20 мамырда жүзеге асады. Ауа райы жағдайына байланысты  көгерулерді 5-10 күннен соң алады. Көшеттіктерде   жердің кеуіп қалмауын және шектен тыс ылғалданбауын қадағалау керек.  Ыссы кезде  орамжапырақ көгерулерін алу қиын, өйткені орамжапырақ өсуінің оңтайлы температурасы 18-20С, сондықтан кейде дәндерді кассетаға егіп көгерулерді алғанға дейін  жерқоймада  ұстайды.  1м²-де көшеттіктен шығатын көшет,  егісте 0,4-0,6 жүздікке егуге жетерліктей, 200-250 өсімдікті құру керек, демек 1 га орамжапырақ отырғызу үшін Сізде 1,5-2 жүздік көшеттік , 35-45 мың дән (15% сақтандыру қорын есептегенде) болу керек. Орамжапырақты  көшеттік жолмен өсіру, дәл егу себушісі болмаған кезде, дәндерді максималды  дәлдікпен пайдалануға мүмкіндік береді.  
Айқышгүлді бүргеге қарсы көшеттік жүйегін көгерулердің шығуына дейін сүзгіш арқылы себілген күлмен тозаңдатады немесе  Децис Дуплет инсектицидімен (2 жүздікке 5 литр суға  ерітілген 5 мл инсектицид есебінде) немесе фосфорорганикалықпен пиретроидті инсектицид қосындысымен (мысалы, Децис+Золон, сол ерітінді концентрациясында) өңдейді. Алғашқы шынайы жапырағы шыққан соң, қара сабақ немесе жалған ұндық шық  ауруларының алдын алу үшін немесе  тамыр жүйесінің дамуын  ынталандыру үшін Превикур ерітіндісімен (м²-ге 2-4 л шығынмен есептегенде, 10 л суға 15 мл препарат) суарады.  Екінші шынайы жапырағы шыққан соң  көшетті  1:5 аюқұлақ ерітіндісімен (бұл ретте жапыраққа аюқұлақ тиген болса оны жуу үшін, көшетті  қоректендіруге дейін және кейін суару маңызды), немесе минералды тыңайтқышпен (мысалы, 1м² көшетке есептегенде, 10 л суға 10г аммиактық селитра, 20 г суперфосфат, 10 г калийлық тұз) қоректендіреді. Көшетті өсірудің тұрақты орнына көшірер алдында 3-5 күн бұрын, фосфор, калиймен, олардың  мөлшерін 2 есе көбейтіп, қоректендіру жүргізеді, бұл  жерді тікесімен және жазығымен  кесумен бірге жүргенде өсімдікте көмірсулардың жиналуын және тармақталған тамыр жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Көшетті көшіріп егу
Көшетті бұлтты күндер, немесе күннің екінші жартысында еккен жөн. Отырғызу кестесі  өсімдікке келесі күтім жасау  мүмкіндігіне байланысты (60х50-60 см, 90+50х35-40 см және т.т.). Жіберілетін нүкте болып, га-ға 30-45 мың  тұрудың қажетті қалыңдығына қол жеткізу саналады (бұған басының үлкен болуы тәуелді – 4-6 немесе 2-3 кг). Көшіріп егу кезінде көшетке 30-45 күнге дейін болу керек. Екінші метроайналымға көшеттерді отырғызу  маусымның аяғынан шілденің 15-не дейін жүргізіледі. Отырғызар алдында  жарық ауруының алдын алу үшін  уатылған күкірт ерітіндісімен  суаруға болады (га-ға 30-45 кг).  Көшіріп отырғызғаннан соң  орамжапырақты, өсімдік үйренісіп кеткенге дейін  молынан суарады.

Егулерді күту
Өсімдіктерді күту - қатар арасын қобысытудан,  түптеуден (жауындар мен құюлардың жеткілікті мөлшері кезінде), арам-шөптерді жоюдан, тыңайтудан, аурулармен және зиянкестермен күресуден тұрады. Негізгі зиянкестермен (шіркей, ақкөбелек, орамжапырақтық көбелек) күресу Золон(га-ға1,6-2 л), Децис немесе оның қосындыларымен жүзеге асырылады.
Орамжапырақты 1 га-ға 500-600 м³ су мөлшерінде 4-6 реттен кем емес суарады (суару мөлшері мен саны  жер-климаттық және ауа райлық жағдаймен байланысты).  Жиі, бірақ аз  құюлар пайда әкелмеуімен қатар, тіпті зиян - ылғалдың жетіспеуі  жандарынан және беткейінен тамырдың шығуына алып келеді, және тамырлық жүйе  суы және минералдық заттары мол, терең жерге өсуін тоқтатады.  Жердің ылғалдығын анықтау үшін  20-30 см қуыс қазады. Суарудың қажеттілігін анықтаудың басқа бір жолы: топырақтың тамыр тұратын жерінен шар қалыптайды, егер топырақтық жерден шар шықпаса, құмайт топырақ - сынса,  ауыр топырақ - мығым болса,  егіске су қажет.   Жоғары өнімділік алу үшін, басының пайда болу кезін жіберіп алмау керек. Жинар алдында 2-3 апта бұрын суаруды тоқтатады.